Шавкат Мирзияев сапармен Түркияға ұшып кетті
Сапар бағдарламасына сәйкес Анкара қаласында жоғары дәрежедегі кездесулер мен Өзбекстан және Түркия арасындағы екіжақты стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысы өтеді
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Ердоғанның шақыруына орай 19 ақпан күні Түркия Республикасына сапармен ұшып кетті.
Сапар бағдарламасына сәйкес Анкара қаласында жоғары дәрежедегі кездесулер мен Өзбекстан және Түркия арасындағы екіжақты стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алғашқы отырысы өтеді.
Саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық, көлік және коммуникация, білім беру, мәдени-гуманитарлық және басқа да басым салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағы қарастырылады. Тараптар сондай-ақ аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасатын болады.
Сонымен қатар, сапар аясында Президент Шавкат Мирзияев Түркияның жетекші компанияларының басшыларымен кездесіп, Түркия Президенттінің кітапханасы кешенінің ашылу салтанатына қатысады.
Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.