Шавкат Мирзияев сапармен Сұрхандария облысына барды
Мемлекет басшысы Хәким ат-Термизий кесенесін зиярат етті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев бүгін, 17-ші қазанда аймақтардағы жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалармен танысу үшін Сұрхандария облысына барды.
Онда ең алдымен, Мемлекет басшысы Хәким ат-Термизий кесенесін зиярат етіп, құран бағыштады.
Дін жолындағы ұстаздармен сұхбатта Шавкат Мирзияев ғұламалардың бай мұрасын жас ұрпаққа жеткізу мен оларды ұлттық және жалпыұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу жайында айтты. Жәнеде қоғамда адамгершілік санасын қалыптастырып, байқамай бұрыс жолға түсіп қалғандарға кешіріммен қарап, оларды дұрыс жолға бағыттау мен өмірде өз орнын табуға көмектесу сынды негізгі ақидалармен бөлісті.