Президент Самарқанд облысына жасаған сапары аясында, жергілікті сайлаушылармен кездесіп өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы баяндама жасады.
Онда Самарқанд облысының тұрғындарының өмір сүру деңгейін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған сөзінің соңында Шавкат Мирзияев сайлаушыларды елдегі маңызды оқиға - президенттік сайлауда белсенді болуға шақырды:
- Көріп отырғаныңыздай, біздің басты мақсатымыз - ең үлкен байлық болып табылатын халқымыздың тыныштығы мен денсаулығын сақтау, адамның мүддесін қамтамасыз ету, абыройын арттыру.
Елімізде ұлтына, тіліне, дініне қарамастан әркімнің еркін, бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету - біздің басты міндетіміз.
Осындай мақсаттарды қамтыған біздің бағдарлама сайлау процесінде одан әрі байыта түседі, бүгін сіз айтқан идеялар мен практикалық ұсыныстардың негізінде және шын мәнінде жалпыұлттық бағдарламаға айналады.
Бүгінде алға қойған ұлы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда мен, бүкіл халқымыз сияқты, ниеті пәк, кең пейілді Самарқанд халқына арқа сүйеймін.
Алдағы сайлауда сіз Жаңа Өзбекстанға дауыс беріп, Самарқанд халқының жоғары саяси санасы мен мәдениетін көрсететініңізге сенімдімін.
Осы сәтті пайдалана отырып, еңбекқор, батыл және кең пейілді Самарқанд халқына жоғары сенім мен назар аударғаны үшін тағы да алғыс айтамын.
Халқымыздың жоғары сенімін ақтау мен үшін ірқашан өмірімнің мәні-мәзмұны болып келген және сондай болып қалмақ, - деді Шавкат Мирзияев.