Шавкат Мирзияев Самарқанд халықаралық әуежайын аралап көрді
Президент Шавкат Мирзияев 10 ақпанда Самарқанд қаласына келді.
Осы сапар аясында Мемлекет басшысы Самарқанд халықаралық әуежайында жасалған жағдайлармен танысты.


Бұл әуежай шамамен 83 миллион доллар жобаға сай қайта құрылуда. Ұшу алаңы өткен жылы қайта салынды. Бүгінде жаңа терминал толығымен қалпына келтіріліп, безендірілуде. Жол, көлік тұрақтары, жарықтандыру бағаналары салынуда.
Ұлы ғұлама Мырза Ұлықбектің мұрасы Самарқанның символына айналған. Соның негізінде жаңа әуежай ғимараты ғұлама бабаның «Зижи жәдиди Курагоний» кітабына ұқсас тұрғызылған. Терминалдың ені 175 метр, биіктігі 25 метрге тең. Ол сағатына 800 жолаушыға қызмет көрсету мүмкіндігіне ие болады.
Әуежайда «ашық аспан» режимі қолданылатын болып, жүк тасымалдау қызметі жолға қойылмақ. Жаңа терминал келесі айда пайдалануға беріледі.

