Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев құрылыс саласындағы жобалар таныстырылымымен танысты
21:35 / 2020-10-26

Президент Шавкат Мирзияев 26 қазанда құрылыс саласындағы жобалар презентациясымен танысты


Президент Шавкат Мирзияев 26 қазанда құрылыс саласындағы жобалар презентациясымен танысты.

Соңғы жылдары Өзбекстанда құрылыс ауқымы кеңейді. Әсіресе, тұрғындардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында көп қабатты үйлер салынып, биылдың өзінде ауылдық жерлерде 12 мыңнан астам, ал қалада 18 мыңнан астам көпқабатты тұрғын үйлер бой көтеруде.

Сардоба су қоймасындағы оқиғадан кейін Сардоба мен Мырзаабад аудандарында қысқа мерзім ішінде 86 бес қабатты үй салынды.

Мемлекет басшысы шенеуніктерге осы тәжірибені қолдана отырып, жобаларды жетілдіру және тұрғын үйлерді тұрғындарға қолжетімді етуді тапсырған болатын. Соған сәйкес, бес қабатты үйлердің дизайны қайта қаралып, пәтерлердің орналасуы және бөлмелердің ішкі кеңістігі оңтайландырылды. Құрылыс материалдары жобаға сәйкес көлемде шығарылып, қалдықтар болмайды. Аула мен дәліздерге сенсорлық электр шамдары орнатылуының және осы сынды үнемдеу шараларының нәтижесінде үй бағасы орта есеппен 30 пайызға төмендейді.

Президент осынау жобаны мақұлдай отырып, бұл сынды тұрғын үйлерді халық көп шоғырланған барлық аудандарда салу қажеттігін айтты.

Тағы бір жоба Ташкент мемлекеттік техникалық университетінің аумағында заманауи оқу-тәжірибелік кешен салуға бағытталған.

Әлемдік тәжірибеден белгілі, көптеген танымал ғылыми мекемелер университеттердің өз аумағында орналасқан. Жоспарланған кешен Ташкент мемлекеттік техникалық университетінде, Өзбекстан ұлттық университетінде және Турин политехникалық университетінде 36 мың студент пен 2 мыңнан астам профессорға арналған орталық болады деп күтілуде. Бұл ортада бір уақыттың өзінде 500 стартап-резиденттері және 120 өндірістік кәсіпорынды орналастыруға болады.