Мемлекет және қоғам қайраткері, Өзбекстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, белгілі ғалым және педагог Рустам Қасимов бүгін, 7 мамырда қайтыс болды.
Осы жағдайға байланысты Президент Шавкат Мирзияев қазалы үйге барып, марқұмның балалары мен туыстарына көңіл айтты.
Рустам Собирович Қасимов 1955 жылы Ташкент қаласында дүниеге келген. Ол Ташкент мемлекеттік университетінің шығыстану факультетінде оқып, еңбек жолын Ташкент су ресурстары институтында араб тіліне аудармашы болып бастаған. Ұзақ жылдар бойы жоғары білім саласында түрлі қызметтерде жұмыс істеді. 2004-2009 жылдары Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары ретінде ол ғылым, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардың дамуына үлес қосты. Соңғы жылдары ол Өзбекстан Республикасы Президентінің қоғамдық және діни ұйымдармен ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі, Өзбекстан Халықаралық Ислам академиясының ректоры болып жұмыс істеп келе жатқан еді.

Р.Қасимовтың көп жылғы жемісті жұмысы мемлекет тарапынан еленіп, 2006 жылы «Мехнат шухрати» орденімен марапатталды.
Марқұмның рұхына Құран оқылып, оның істеген игі істері еске алынды.




