Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев «Российские Железные Дороги» (RJD) компаниясының бас директорын қабылдады
22:42 / 2021-05-19

19 мамырда Өзбекстан Республикасының Президенти Шавкат Мирзияев «Российские Железные Дороги» компаниясының (“РЖД” ОАЖ) бас директоры және басқарма төрағасы Олег Белозёровты қабылдады.

Кездесуде теміржол коммуникациялары саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттары және бүкіл аймақтың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған маңызды инфрақұрылымдық жобаларды ілгерілету жолдары қарастырылды.

Мемлекет басшысы елдеріміздің теміржол әкімшіліктері арасында, оның ішінде халықаралық желілік құрылымдар аясында дәстүрлі түрде тығыз және жемісті іскерлік қатынастар орнағанын атап өтті.

Пандемия жағдайында дамыған және өзара интеграцияланған көліктік коммуникация, әсіресе теміржол, коронавирустың зардабымен тиімді күресуге және Өзбекстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық динамикасын сақтауға көмектескені сөз болды.

Тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде елдегі теміржол жүйесін жетілдіру, жүк тасымалы көлемін ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ауылшаруашылық өнімдерін тасымалдау тетіктерін құру, жолаушылар пойыздарын қалпына келтіру және жоғары білікті мамандар даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.

Халықаралық қаржы институттарын тарта отырып «Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржол жобасын бірлесіп жылжыту мәселесі де сырт қалған жоқ.

Жобаны кешенді дайындауға, оның ішінде техникалық құжаттаманы әзірлеуге және құрылысты жылдам басталуына қатысты жұмыстарға қатысу туралы келісім жасалды.

РЖД басшысы Олег Белозёров жүйе компаниялары теміржол саласындағы серіктестіктің басым бағыттарын іске асыру үшін кең ауқымда ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.