Шавкат Мирзияев Режеп Тайып Ердоғанмен кездесті
Түркия Президенті Шавкат Мирзияевті Түркі тілді елдер ынтымақтастығының кеңесіне қосылуымен құттықтады
15-ші қазан күні таңертең Баку қаласында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев, Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен кездесу өткізді.
Мемлекет басшылары бір-бірін құттықтап, екі ел арасында достық қатнастар мен қөпжақты байланыстарды және стратегиялық серіктестіктердің нығайып келе жатқанын сөз еттті.
Кездесуде, Түркия Президенті Шавкат Мирзияевті Түркі тілді елдер ынтымақтастығының кеңесіне қосылуымен құттықтап, бұл шешім екі жақтық байланыстар мен аймақтық қатнастарды өркендетуде өте маңыздылығы жоғары шешім екенін айтты.
Бұл кездесуде сындарлы саяси диалогты дамыту, экономика, сауда, инвестициялар, энергетика, туризм және басқа салалардағы тәжірибелік ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланып, қос елдің алды компаниялары қатысуымен бірлескен инвестициялық жобаларды қолдау керектігі жөнінде де ақылдасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.