Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев ресми сапармен Жапонияға барды
20:19 / 2019-12-17

Өзбекстан Республикасы Президенті Жапонияға жасаған ресми сапарының алғашқы бағытын - Нагоя қаласынан бастады.


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 17 желтоқсанда Жапонияға жасаған ресми сапарының алғашқы бағытын - Нагоя қаласынан бастады.

Тюбу халықаралық әуежайында Мемлекет басшысын Жапония үкіметінің өкілдері қарсы алып, содан соң Президент Шавкат Мирзияев өзі үшін арналған резиденцияға жол алды. Сапардың ресми кездесулері ертең 18 желтоқсан күні басталмақ.


Жапония, Өзбекстанның стратегиялық серіктестерінің бірі болып, осыдан 28 жыл бұрын 1991 жылдың желтоқсан айында Тәуелсіздік алған Өзбекстанның егемендігін мойындаған алғашқы елдің бірі саналады. Екі елдің арадағы достық-дипломатиялық қатнастар 1992 жылдың қаңтарынан бастап жалғасып келеді.

Өзбекстан Президентнің Нагоядағы ресми сапары аясында Айчи префектурасы губернаторы Хидэаки Омура және қала мэрі Такаши Кавамура, сондай-ақ Нагоя университетінің ректоры Сейичи Мацуомен кездесетін болып, Жапониядағы жалпы сапарында Император Нарухито мен кездесу өткізіп, ел Премьер-министрі Синдзо Абэ және бірқатар лауазымды тұлғалар мен ірі компания басшылары арасында кездесу өткізу мен құнды құжаттарға қол қою жоспарланған.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.