Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев ресми сапармен Жапонияға барады
19:39 / 2019-12-13

Сапар аясында Жапонияның Императоры Нарухито мырзамен және Премьер-министрі Синдзо Абэ сынды тұлғалармен кездесіп екі жақты келіссөздер өтетін болады


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Жапония премьер-министрі Синдзо Абэнің шақыруымен 2019 жылдың 17-20 желтоқсан аралығында Жапонияға ресми сапармен бармақ.

Сапар аясында Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абэ, Парламенттік кеңесшілер палатасының президенті Акико Санто, Өкілдер палатасының спикері Тадамори Осима, Премьер-министрдің орынбасары және қаржы министрі Таро Асомен келіссөздер өткізіп, тараптар өзбек-жапон қатынастарын одан әрі дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтарын талқылайды және халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасатын болады.

Өзбекстан Республикасының Президентін Жапония Императоры Нарухито қабылдап кездесу өткізеді.

Сапар бағдарламасында Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) президенті Синичи Китаокамен жетекші өнеркәсіптік және қаржы институттарының басшыларымен кездесулер өткізу күн тәртібінен орын алған болып, екі елдің іскер топтары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту жолында жапондық компанияларды Өзбекстанда өзара тиімді шарттар түрінде ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға тарту мәселелері қарастырылады деп жоспарлануда.

Мемлекет басшысы Жапонияның маңызды экономикалық орталықтарының бірі Нагоя қаласына барып, қаларалық оқу орындары арасындағы серіктестіктің болашағын талқылау үшін Айчи префектурасы губернаторы Хидэаки Омура және қала мэрі Такаши Кавамура, Нагоя университетінің ректоры Сейичи Мацуомен кездесетін болады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Өзбекстан мен Жапония арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету және кеңейту туралы бірлескен мәлімдеме қабылдап, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, кедендік, туризм, ғылыми-техникалық және басқа салалардағы ынтымақтастықтың құқықтық негізін нығайтуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қояды деп күтілуде.