Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясына жұмыс сапарымен барады
20:58 / 2020-06-22

24 маусым күні Мемлекет басшысы фашизмге қарсы күресте қол жеткізілген Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысады


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруына орай 23-24 маусым күндері Мәскеуге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Осынау сапардың алғашқы күнінің бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейдегі екіжақты келіссөздер жоспарланған және көпжақты Өзбекстан - Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелері қаралады.

24 маусым күні Мемлекет басшысы фашизмге қарсы күресте қол жеткізілген Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысады.