French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ресей Федералдық Кеңесі Төрағасының орынбасарын қабылдады
20:59 / 2022-09-08

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 8 қыркүйекте әлем елдері парламенттерінің әйел басшылары саммитіне қатысышу үшін Ташкент қаласына келген Ресей Федерациясының Федералдық Кеңесі Төрағасының орынбасары Галина Карелованы қабылдады.

Ресей парламенті төрағасының орынбасары Өзбекстан басшысына жылы қабыл үшін алғыс айтып, Ресей Президенті Владимир Путин мен Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенконың сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді. 

Мемлекет басшысы Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастар соңғы жылдары жоғары деңгейге көтеріліп, көп салалы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті.

Екі елдің парламенттері арасындағы тығыз және тиімді қарым-қатынастар жоғары деңгейдегі келісімдерді жүзеге асыруға және практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге белсенді ықпал етуде.

Мұндай нәтижелі диалогтарды, оның ішінде көпжақты құрылымдар – Парламентаралық одақ пен ТМД Парламентаралық Ассамблеясы аясында жалғастырудың маңыздылығы айтылды.