Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ресей елшісін қабылдады
20:17 / 2021-03-17

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 17 наурызда Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясының аяқталып келе жатқан Ресей Федерациясының Төтенше және Өкілетті Елшісі Владимир Тюрденевті қабылдады.

Мемлекет басшысы Өзбекстандағы Ресейдің дипломатиялық миссиясын 11 жылдан астам уақыт басқарған елші Владимир Тюрденевтің екіжақты достық, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды нығайтуға, елдер арасындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан жеке үлесін ерекше атап өтті.

Елшінің белсенді қатысуымен және қолдауымен әр түрлі деңгейде жүйелі және тиімді байланыс орнатылғандығы айтылды. Сауда-экономикалық салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, соңғы жылдары өзара сауданың көлемі өсті, ірі инвестициялық жобалар алға тартылды және іске асырылды, Өзбекстан мен Ресейдің аймақтары мен экономиканың басым секторларындағы іскер топтар арасындағы ынтымақтастық нығайтылды.

Кездесу соңында Өзбекстан Президенті Ресей елшісін мемлекетаралық қатынастарды тереңдетуге және жан-жақты қатынастарды дамытуға, достық байланыстарды нығайтуға, өзара түсіністікке қосқан зор үлесі үшін Өзбекстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапаттады.  

Владимир Тюрденев өзінің дипломатиялық қызметіне берген жоғары бағасы, сондай-ақ Өзбекстан мен Ресей арасындағы кең ауқымды ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл бөлгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.