Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ресей Денсаулық сақтау министрін қабылдады
20:20 / 2021-05-28

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 28 мамырда Ташкентте жұмыс сапарымен болып тұрған Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде Өзбекстан мен Ресей арасындағы денсаулық сақтау саласындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелері қаралды.

Мемлекет басшысы бүгінгі қауіп-қатерлер денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін дамытудың және озық халықаралық тәжірибе негізінде заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын тағы бір рет дәлелдеді деп баса айтты. Пандемиямен күресте, оның ішінде вакцинация саласындағы тиімді ынтымақтастықта көрсетілген көмек үшін ризашылық айтылды.

Әңгімелесу барысында, басым бағыттар бойынша яғни онкология, гематология, вирусология, нефрология, трансплантология, фармакология және басқал салаларда бірлескен бағдарламалар мен нақты жобаларды іске асыру мәселелері талқыланып, «электрондық денсаулық сақтау» жүйесін енгізу және телемедицинаны кеңінен дамытуға ерекше назар аударылды.

Жоғары білікті медициналық кадрларды даярлауда, тығыз ынтымақтастықты жалғастыру, Ташкентте Н.И.Пирогов атындағы жетекші Ресей медициналық университеті филиалының қызметін жедел жолға қою туралы, сондай-ақ жетекші Ресейлік клиникалар базасында дәрігерлердің алмасуы мен олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді.

Ресей денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко Өзбекстанда медициналық қызмет сапасын түбегейлі жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, Ресей денсаулық сақтау саласындағы өзбекстандық серіктестермен жүйелі ынтымақтастықтың кең спектрін дамытуға және медицинаның әр түрлі саласындағы заманауи білімдер және озық тәжірибелермен бөлісуге дайын екенін айтты.