Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Ресей делегациясын қабылдады
13:46 / 2020-12-04

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 4 желтоқсанда Ташкент металлургия зауытының ашылу салтанаты аясында Ресей Федерациясы Индустрия және сауда министрі Денис Мантуров бастаған делегацияны қабылдады.

Мемлекет басшысы Ташкенттегі металлургия өнімдерін шығаратын ірі және заманауи кәсіпорын құру жобасы Өзбекстан мен Ресейдің компаниялары мен банктері арасындағы тиімді ынтымақтастықтың үлгісі екенін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Осы зауыттың құрылуы мен қатар соңғы жылдары екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықта айтарлықтай сапалы өзгерістер болғанын көрсетеді.

Денис Мантуров Өзбекстан басшысына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Бүгінгі кездесуде бірлескен бағдарламалар мен жобалардың барысы қаралып, практикалық ынтымақтастықты кеңейту жоспарлары талқыланды.