Шавкат Мирзияев Қытайдағы Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 4-5 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін сапармен Бейжің қаласына барады.
Қытай астанасы әлемдік спорт тарихында екі Олимпиаданы өткізген алғашқы қала. Онда 2008 жылы XXIX жазғы Олимпиада ойындары өткен еді.
Карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып, 4-20 ақпан аралығында өтетін ақ Олимпиада да спорттың 15 түрінен 109 медаль жиынтығы ойналады. Бұл медальдар үшін Өзбекстанды қосқанда 90-нан астам елден 4 мыңнан астам спортшы қатысуда.
Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 ақпанда Бейжіңдегі «Құс ұясы» атты ұлттық стадионда шет мемлекеттер басшылары мен ресми делегациялар, ықпалды халықаралық ұйымдар басшыларының қатысуымен өтеді.
Сапар бағдарламасына сәйкес Өзбекстан Президенті бірқатар екіжақты кездесулер де өткізеді.