Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев қысқа дайындық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде кеңес өткізді
21:03 / 2020-12-16

Президент Шавкат Мирзияевтің төрағалығымен бүгінгі өткен бейне конференциялы жиында, қысқа дайындық пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі кемшіліктерді жоюға сыни тұрғыдан талдау жасалды.

Жиында елдегі табиғи газ бен көмір жеткізуде заңсыз әрекеттерге жол берілетіні айтылып, оған мысал ретінде Мүбәракта кірпіш зауыты жерасты газ құбырына заңсыз қосылып, 4,3 млн текше метр газды жымқырғандығы көрсетілді. Бұл 8 мың үйді бір ай газбен қамтамасыз етуге жететін.

Бұдан бөлек, жыл басынан 74 аудандағы ірі газ желілеріне заманауи есептегіш құралдарын орнату нәтижесінде 2 мыңнан астам көтерме тұтынушылардың 7 миллион текше метр табиғи газды заңсыз игергені анықталған.

Осы жағдайларды ескере жиында Мемлекет басшысы: - Биылғы қысты қалай өткіземіз? Бүгін дәл осы сұраққа барлық басшылар жауап беретін болды. Шынында да, өте көп мәселелер бар. Оларды тек сол маңда ғана терең зерттеу арқылы шешу нәтиже береді, - деді Шавкат Мирзияев.

Жылу беруде жүйесінде 153 қазандық пен 2802 шақырым жылу желілерін жөндеу бойынша шаралар қабылданды.

Елдегі бағаның өсуі қатты сынға алынып, осы жағдайға жол бермеу үшін бірқатар тапсырмалар берілді. Соның негізінде, азық-түлік тауарларының негізгі бағалары аймақтар бойынша талданып, соңғы айларда баға өскен аймақтар мен аудандарға баса назар аударылды.

Жауапты жандарға әр аймақта штабтар құрып, базарлардағы баға спекуляцияларына қатаң жол бермеу тапсырылды. Ішкі және сыртқы нарықтардағы азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің айналымын, бағаларын, ағымдағы қажеттіліктері мен талаптарын күнделікті талдау үшін ведомствоаралық жұмыс тобы құру айтылды.

Жаңа жыл қарсаңында сұраныстың артуын ескере отырып, өнімді көбейту, диқан базарлары мен ірі сауда орындарында жәрмеңкелер ұйымдастыру және оларды арзан бағамен қамтамасыз ету маңызды екендігі атап өтілді.

Әлемдік азық-түлік бағаларының күрт өзгереді деген болжамға орай, ішкі нарыққа тауарлардың негізгі түрлерін кепілді түрде жеткізу үшін арнайы қор құрылып, оған 50 млн доллар бөлінді. Осы қаражат есебінен қажетті өнімдер сатып алынып, кем дегенде 3 айлық резерв құру туралы нұсқаулар берілді және әр аймақ өз резервтерін құруы керек талабы қойылды.