Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Қырғыз Республикасының жаңа сайланған Президентімен телефон арқылы сөйлесті
20:47 / 2021-01-11

Бүгін, 11 қаңтарда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қырғыз Республикасының сайланған Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме басында Мемлекет басшысы Садыр Жапаровты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен және Қырғызстан Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша референдумның сәтті өтуімен шын жүректен құттықтады.

Осы маңызды саяси оқиғалардың нәтижелері елдің тұрақтылығы мен орнықты дамуын қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқатын арттыруға берік негіз жасайды деген сенім білдірілді.

Өз кезегінде, Садыр Жапаров Өзбекстан Президентіне және көпұлтты халқына бауырлас Қырғызстанға заманауи қауіп-қатерлерді жеңуде және коронавирус пандемиясының салдарымен күресте көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.

Мемлекет басшылары әнгімелесу барысында екіжақты қатынастар мен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

Олар, ең алдымен, мемлекеттік шекараларды делимитациялау бойынша бірлескен жұмыстардың тиімділігін арттыру, тауар айналымын көбейту, өнеркәсіп, энергетика және ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайту, аймақаралық байланыстар мен гуманитарлық алмасуларды кеңейту, тиімді көлік коммуникацияларын дамыту бойынша аймақтық жобаларды іске асыру және басқалары.

Бұдан бөлек сұхбат аясында тараптар үкіметаралық комиссиялардың жұмысын жандандыруға ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша бірқатар іс-шаралар өткізуге келісіп, халықаралық ұйымдар мен аймақтық құрылымдар шеңберінде нақты және сындарлы диалогты жалғастыру және өзара қолдау көрсетуге мүдделі екендігі айтылды.