Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 14 қарашада Қырғыз Республикасы Президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбатта Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы достықты, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелерін талқылаып, елдер арасындағы практикалық ынтымақтастықты әсіресе сауда, өнеркәсіптік кооперация, ауыл шаруашылығы, көлік, аймақаралық және гуманитарлық алмасу мен қатар, басқа да басым бағыттарды кеңейтуге арналған бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссияның, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияның және шекара аймақтары басшылары кеңесінің жұмысын жандандыру қажет екендігі атап өтілді.
Бұдан бөлек, Президенттер қазіргі күнгі маңызды мәселенің бірі коронавирус инфекциясының таралу салдарымен күресу жөніндегі күштерді тығыз үйлестіру және көмек көрсетуді жалғастыру маңызды екендігін сөз етті.
Мемлекет басшысы Өзбекстан бауырлас Қырғызстан халқының бейбіт және тұрақты дамуға, өркендеу мен өрлеуге деген ұмтылысын толық қолдайтындығын қуаттады.