Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев ҰҚШҰ саммитіне қонақ ретінде қатысады
13:00 / 2021-08-23

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев бүгін 23 тамыз күні Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бейнеконференциялы жиынында қонақ ретінде қатысады.

Бұл туралы ӨР Президентінің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов брифингте мәлімдеді.

- Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, ықтимал қауіпсіздік қатерлері бойынша көрші елдер мен аймақтағы көршілер қабылдайтын шаралармен танысу мақсатында Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бейнеконференциялы форматта өтетін саммитіне шақырылған қонақ ретінде қатысады, деді Шерзод Асадов.

Сондай -ақ, брифингте осы аптада Президент Шавкат Мирзияевтың қатысуында өтетін шаралар туралы ақпарат берілді.

Оның айтуынша, осы аптада Ташкентте жүзеге асырылатын жобалардың тұсаукесері, экологиялық жағдайды жақсарту мен жасыл алқаптарды кеңейту бойынша жиын, спорттық білім беруді жақсарту, олимпиадалық резерв құру туралы бейнеконференциялы кездесу өтуі жоспарланған.

Шет мемлекеттердің жаңадан тағайындалған елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімі жұма күні өтеді.