Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау жолдап, олар мен бауырлас Қазақстан халқына ізгі тілегін білдірді.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Шерзод Асадовтың телеграм парақшасында жарияланды.
«Бізді халықтарымыз арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан өзара түсіністік, достық пен тату көршілік қарым-қатынастарының соңғы жылдары тағыда нығайып келе жатқаны ерекше қуантады», - деген Мемлекет басшысы.
Мемлекет басшысы биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында өткен ашық әрі нәтижелі келіссөздерге ерекше тоқталды.
Одақтастық қатынастар туралы қол қойылған Декларация, тиімді коммуникация тетіктерін құру бастамалары, бірқатар ірі бірлескен жобалар бойынша маңызды келісімдер, келесі жылды елімізде Қазақстан жылы деп жариялау, сөзсіз, жақын достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухындағы біздің қарым-қатынастарымызды жаңа сапалық жаңа деңгейге көтеретініне сенім білдірілген.
Хаттардың соңында Мемлекет басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа зор денсаулық, таусылмас күш және жаңа жеңістер, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, гүлдену, бақыт және тұрақты даму тілегі баяндалған.