Шавкат Мирзияев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты бүгінгі туған күнімен шын жүректен құттықтап оған зор денсаулық, бақ-береке және мол табыс тіледі.
Сұхбат барысында Қазақстан Президентінің бауырлас елдеріміз арасындағы ғасырлар бойғы достықты, тату көршілік пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі айтып өтілді.
Сенім мен тұрақтылыққа негізделген жоғары деңгейдегі диалог көпжақты өзбек-қазақ қатынастарының жедел дамуына ықпал ететіп келеді.
Тараптар екіжақты және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылады. Бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барлық басым бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қызмет ететініне сенім білдірілді.