Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Қашқадария облысына сапармен барды
15:07 / 2020-11-12

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 12 қарашада Қашқадария облысына сапармен барды.

Сапардың басты мақсаты - өңірдегі көптеген мәселелердің шешімін табу, әлеуметтік-экономикалық салалардың дамуына түткі беру мен осыған қатысты жаңа міндеттерді белгілеу.

Мемлекет басшысы өңірге жасаған сапарын Шахрисабздағы «Oqsaroy Vortex» ЖШС синтетикалық аралас иірілген жіп пен мата өндірісінің жұмысымен танысудан бастады. Мұндағы «Oqsaroy Group» компаниясы құрамында «Shahrisabz Textile» және «Oqsaroy Textile» кәсіпорындары бар болып, олар жалпы құны 54 миллион АҚШ долларын құрайтын үш жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыруды, 1610 жұмыс орнын құруды және жылына 22 миллион долларлық өнімді экспорттауды жоспарлаған.

Компания 2019 жылы 6 миллион долларлық өнім экспорттады. Ал биылғы көрсеткіші 8 миллион долларды құрады. 

Екінші кезеңде, осы жылдың қазан айында «Oqsaroy Vortex» құрылып, жасанды және табиғи талшықтардан иірілген жіп пен тоқылған мата шығару жобасы басталды. Жобаның құны 15 млн долларды құрайды, өндірістік қуаттылығы жылына 3 мың тонна иірілген жіп, 5,5 мың тонна синтетикалық талшық және 3,5 мың тонна тоқылған мата. Экспорт жылына 7 миллион долларға бағаланған.

Үшінші кезеңде осы кәсіпорындардың жанынан тағы бір тоқыма фабрикасын салу және иірілген жіп пен тоқылған мата өндірісін кеңейту жоспарлануда. Келесі жылы басталатын жоба бойынша тағыда 700 жаңа жұмыс орнын ашылады.

Мемлекет басшысы кәсіпорындағы өндірістік жұмыстың тәртібімен танысып, жіп пен дайын мата өнімінің үлгілерін көрді.