Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады
18:49 / 2022-03-02

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев 3-4 наурыз күндері Пәкістан Ислам Республикасы Премьер-министрі Имран Ханның шақыруымен Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады.

Алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздердің күн тәртібінде Өзбекстан-Пәкістан стратегиялық серіктестігі мен көп қырлы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері орын алған.

Ең алдымен, сауда-инвестициялық, өнеркәсіптік кооперация, көлік-логистика, инфрақұрылым және туризм салаларындағы практикалық ынтымақтастық бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, мәдени-гуманитарлық алмасу бағдарламаларын кеңейтуге ерекше назар аударылады. Халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасу болады.

Саммит соңында бірлескен декларация мен бірқатар екіжақты құжаттарды қабылдау жоспарлануда.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Ариф Алвимен, осы елдің ведомстволары мен жетекші компанияларының басшыларымен кездесуі жоспарланған.