Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті
19:03 / 2021-08-15

15 тамызда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Өзбекстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелері және көп қырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшылары Ауғанстанда болған жағдай туралы пікір алмасты.

Сондай-ақ, Президенттер аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін екі елдің тиісті ведомстволары арасындағы тығыз байланыстар мен ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.