Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті
17:06 / 2020-12-30

30 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Екі ел басшылары бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, келіп жеткен жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтады және достас екі ел халықтарына бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Коронавирустың ғаламдық таралуына байланысты қиын жағдайларда да пандемиямен күресу, әлемдік экономикалық және эпидемиологиялық дағдарыстың салдарын еңсеру кезінде екі ел бір-біріне жан-жақты жәрдем бергені мен практикалық көмек көрсеткені үлкен қанағаттанушылықпен атап өтілді. Бүгінде Өзбекстанда ресейлік вакцинаны өндіру бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктері зерттеліп жатыр.

Ресей Федерациясы Өзбекстанның ТМД-дағы алғашқы сәтті төрағалығына және Өзбекстан Республикасына Еуразиялық экономикалық одаққа бақылаушы мәртебесін беруіне айтарлықтай үлес қосты.

Сұхбат аясында Президенттер екі ел арасындағы достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық байланыстарын одан әрі нығайтуға, осы бағыттағы бірлескен күш-жігерді жалғастыруға бел буғандықтарын растады.

Президенттер халықаралық саясат пен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша да пікір алмасып, келесі жылдың жоспарына енетін екіжақты және көпжақты іс-шараларға мұқият дайындалуға келісті.