Президент Шавкат Мирзияев пен премьер-министр Виктор Орбан Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданындағы Өзбекстан – Венгрия картоп зерттеу орталығында болды.
Бұл ғылыми мекеме Венгрия ауылшаруашылық және жаратылыстану ғылым университетімен ынтымақтастықта ауыл шаруашылығындағы білім және инновациялар жүйесі негізінде құрылды.
Мұнда жергілікті және шетелдік сорттарды араластыру арқылы картоп өсірудің барлық кезеңдерінде сапалы өнім қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жүйе жасалады. Инновациялық әдістердің нәтижесінде 2021-2023 жылдары өнімділікті 30-50 %-ға арттыру жоспарлануда. 2024 жылға қарай импорттың орнын толығымен қамтып, 21 мың тонна тұқымдық картоп өсіру көзделіп отыр.
Сонымен қатар, бакалавр мен магистратура тағылымдамалары, ғылыми кадрларды даярлауда ынтымақтастық, мамандар мен фермерлердің біліктілігін асыру жоспарланған.
Шавкат Мирзияев пен Виктор Орбан кешендегі жасалған жағдайлармен танысты.













