Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті
16:36 / 2020-02-26

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары


Бүгін, 26 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Түркия Республикасы Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшысы Түрік басшысын туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық жаңа жеңістер мен достас Түркия халқына бақыт тіледі.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның елдің тұрақты дамуындағы және халықаралық аренадағы тарихи рөлі айтыы, екі ел арасындағы достық және стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан зор үлесі жоғары бағаланды.

Мемлекет басшылары осы айда Түркиядағы жоғары деңгейде өткен сапардың тиімді нәтижелерін жоғары бағалап, көпжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы екіжақты келісімдердің орындалу барысын жан-жақты талқылады.

Өзбекстан мен Түркияның жетекші компанияларының қатысуымен перспективалық жобаларды әзірлеу мен уақтылы жүзеге асырудың маңыздылығы да айтылды және аймақтық ынтымақтастықтың сонымен қатар халықаралық маңызы бар маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.