Шавкат Мирзияев пен Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті
Әнгімелесу барысында ҚХР-дың озық тәжірибесін үйрену және оны жүйеге енгізу негізінде кедейлікті төмендету бойынша тиімді диалог басталғандығы айтылды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 7 мамырда Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.
Әдеттегідей, көңілді және достастық рұхта өткен сұхбата Өзбекстан мен Қытай басшылары екіжақты ынтымақтастыққ қатысты және халықаралық маңызы бар өзекті мәселелерді талқылады.
Коронавирустық инфекциямен күрестің күрделене түскен шағында бір-бірлегіне көрсетілген өзара қолдау мен гуманитарлық көмек қолдауын Мемлекет басшылары зор қанағат ризалы көңілмен жеткізді.
Сәуір айының екінші жартысында Өзбекстанда осы қауіпті вируспен ауыратын науқастарды анықтау, емдеу және оңалту бойынша үлкен тәжірибесі бар жетекші қытай дәрігерлері тобы келгені мен Президент қытайлық мамандардың жоғары кәсіпқойлығын және олардың өңірлердегі қажырлы еңбектері пандемияға қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыруға ықпал еткенін атап өтті.
Мұның бәрі Өзбекстан мен Қытай арасындағы достыққа, өзара құрмет пен сенімге негізделген жан-жақты стратегиялық серіктестіктің нығая түскендігін көрсетеді, деді мемлекет басшылары. Сонымен қатар екі елдің денсаулық сақтау және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары арасында белсенді алмасуды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Тараптар саяси және дипломатиялық, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік және коммуникациялар, мәдени-гуманитарлық басқа да маңызды салаларды қоса алғанда, көптеген салалардағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен болашағын талқылады.
Әнгімелесу барысында ҚХР-дың озық тәжірибесін үйрену және оны жүйеге енгізу негізінде кедейлікті төмендету бойынша тиімді диалог басталғандығы айтылды.
Екі елдің министрліктері мен ведомстволары, аймақтық әкімшіліктер, банк-қаржы институттары және жетекші компаниялар пандемияның жағымсыз салдарын азайту бойынша бірлескен күш-жігерін жақсарта және өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін іздейді. Бұл, ең алдымен, өзара сауда көлемін ұлғайту және оның тепе-теңдігіне қол жеткізу, өндірістік кооперацияны нығайту және инновациялық жобаларды жүзеге асыру, жүк көлемінің өсуіне қолайлы жағдай жасау, гуманитарлық бағдарламаларды алға жылжытуға ықпал етеді.
Мемлекет басшылары аймақтық маңызы бар бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және басқа да ықпалды халықаралық құрылымдар шеңберіндегі бірлескен күш-жігерді үйлестіру жөніндегі берік міндеттеме расталды.
Келіссөздер соңында Өзбекстан мен Қытай басшылары достық пен жан-жақты стратегиялық серіктестік рухында кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге дайын екендіктерін айтты.