Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті
15:36 / 2021-04-29

Бүгін, 29 сәуірде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзияев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан маңызды даталар, ҚХР-да Қытай Коммунистік партиясының құрылғанына 100 жыл, ал бізде Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығының кеңінен атап өтілуіне орай шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Қытай Төрағасы Өзбекстандағы халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық реформаларды жоғары бағалап, осы тұрғыдан Қытайда кедейлікпен күресте жинақталған мол тәжірибені тереңдетіп зерттеу мәселесі бойынша тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.

Мемлекет басшысы Қытай басшысына коронавирус пандемиясымен күресте практикалық көмек көрсеткені үшін шын жүректен ризашылығын білдірді.

Өзбекстан мен Қытайдың құзыретті органдары және ұйымдары денсаулық сақтау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтып, халықты жаппай вакцинациялау бойынша тиімді бірлескен жұмысты кеңейтеді.

Президент Шавкат Мирзияев іс жүзіндегі «Бір Қытай» саясаты мен «үш зұлым күш» - терроризм, экстремизм және сепаратизмге қарсы күрес күштерін қолдайтынын тағы да айтып өтті.

Көшбасшылар сұхбат барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржылық ынтымақтастықты кеңейтуге баса назар аударды.

Қиын жағдайларға қарамастан, пандемияның теріс салдары азайып, осы жылдың басынан бастап екіжақты сауда 33% өскені атап өтілді. Маңызды бірлескен бағдарламалар мен жобаларды іске асыру жалғасуда. Таяу жылдары екі ел тауар айналымын 10 млрд долларға дейін арттыру, сондай-ақ экспорт пен импорт арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету бойынша табысты жұмыс істеп жатыр. Өзбекстан келесі Шанхайдағы импорттық өнімдердің Қытай халықаралық көрмесіне белсенді қатысады.

Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Қытайдың әр түрлі салалардағы жетекші кәсіпорындарының арасындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ экономиканың жоғары технологиялық секторларындағы жобаларды ілгерілетуде өзара көмек көрсетуді күшейту қажеттігін атап өтті және Өзбекстан-Қытай үкіметаралық комитетінің қызметін күшейту мен оның келесі отырысын таяу уақытта өткізуді тапсырды.

Ауқымды сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша орта мерзімді бірлескен бағдарламаны дайындау және қабылдау туралы келісімге қол жеткізілді.

Әңгімелесу барысында тараптар халықаралық және аймақтық маңызы бар мәселелер, соның ішінде «Қытай-Орталық Азия» форматындағы ынтымақтастық туралы пікір алмасты.

Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында көпжақты қатынастар мен практикалық ынтымақтастықты кеңейту, осы ұйымның саммитін Өзбекстанда өткізу мәселелері талқыланып, ШЫҰ Диалог тобының Ауғанстандағы бейбітшілік процесін ілгерілетуде және осы елдің экономикалық қалпына келуінде маңызды рөліде сөз болды.

Президенттер алдағы жоғары деңгейдегі іс-шаралар жоспарын қарап, Қытай Халық Республикасы Төрағасының Өзбекстан Республикасына сапары кезінде жан-жақты ынтымақтастықты дамыту, көп ғасырлық берік достық және көп-қырлы стратегиялық серіктестік байланыстарын нығайтудағы тарихи оқиға ретінде мұқият дайындалудың маңызды екені атап өтті.