Шавкат Мирзияев пен Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 13 мамырда Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
Мемлекет басшылары бір-бірлерін қасиетті Рамазан айы мерекесімен шын жүректен құттықтап, бауырлас халықтарымызға бейбітшілік және өркендеу тілеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Әігңме барысында Қырғызстан Президентінің осы жылдың наурыз айында Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды уақытында жүзеге асыру маңызды екендігі атап өтілді.
Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік және экономиканың басқа салаларында бірлескен бағдарламалар мен жобаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ, қырғыз-тәжік шекарасындағы ахуалды тұрақтандыру, Орталық Азия аймағында достықты, тату көршілік пен серіктестікті нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қанағаттанушылықпен атап өтілді.