Шавкат Мирзияев пен Садыр Жапаров телефон арқылы сөйлесті
25 қазанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.
Қырғызстан басшысы Шавкат Мирзияевті Өзбекстан Республикасының Президенттік сайлауында сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтады. Бауырлас өзбек халқына бейбітшілік, амандық, өркендеу тілегін айтты.
Президенттер сауда-экономикалық, көлік-коммуникациялық және гуманитарлық ынтымақтастықтағы бірлескен жобалардың барысын талқылады.
Сондай-ақ, аймақтық күн тәртібіндегі мәселелер де сөз болды.