Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Садыр Жапаров шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді
20:37 / 2021-03-11

Өзбекстан мен Қырғызстан Президенттері Көксарайда шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Кездесуде екі Мемлекет басшылары Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы қазіргі қатынастарға жоғары баға беріп, саяси, сауда-экономикалық және көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға қатысты көптеген мәселелерді талқылады. 

Президенттер елдер арасындағы стратегиялық серіктестікті теңдік пен өзара тиімділік негізінде нығайтуға, сондай-ақ бұрын қабылданған құжаттарды жүзеге асыруға бейілділіктерін растады және барлық салалардағы ынтымақтастықты дәйекті түрде кеңейту үшін жүйелі түрде жоғары деңгейдегі саяси диалогты жалғастыруға келісті.

2017 жылғы 5 қыркүйекте жасалған өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы келісімнің тарихи маңыздылығы аталып, үкіметаралық комиссияға шекараның қалған бөліктерін де делимитациялау бойынша келіссөздерді күшейту тапсырылды.

Садыр Жапаров Өзбекстанның аймақтағы ынтымақтастық пен интеграцияны нығайту жөніндегі күш-жігерін, Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік кездесулерін өткізу бастамасын қолдайтынын білдірді. Тараптар осы форматтағы үшінші кездесуді 2021 жылы өткізудің маңызды екенін айтты.

Орталық Азияға қатысты барлық мәселелерді аймақ елдері өзара тиімділік пен құрмет негізінде шешуі керек екендігі баса айтылды. 

Қырғызстан Президенті Шавкат Мирзияевке Қырғыз делегациясын жылы қарсы алғаны, жылы қабылдағаны үшін және коронавирустық пандемия кезінде Өзбекстан көрсеткен гуманитарлық көмекке ризашылығын білдіріп, мемлекет басшысын Қырғыз Республикасына келуге шақырды.