Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Режеп Тайып Ердоған телефон арқылы сөйлесті
17:34 / 2020-12-31

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 31 желтоқсанда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекет басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтады.

Сұхбат барысында Президенттер коронавирустың жаһандық таралуы мен оның әлемдік экономикаға кері әсерінің қиын жағдайында Өзбекстан мен Түркия өзара тиімді ынтымақтастық пен сан қырлы серіктестікті үнемі дамытып отырғанын атап өтті.

Пандемиямен күресте көрсеткен көмегі үшін Түркия тарапына ерекше алғыс айтылды.

Сауда-экономикалық салалардағы ынтымақтастықтың нәтижелері де көңілден шыққаны сөз болып, тауар айналымы мен трафик байланысы сақталып, бір жыл ішінде түрік инвесторларының қатысуымен 300 жаңа кәсіпорын құрылды. Екі елдің жетекші компаниялары энергетика, қала құрылысы, инфрақұрылымды жаңғырту, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа салаларында ірі жобаларды жүзеге асыруда.

Мемлекет басшылары өзбек-түрік қатынастарының барлық әлеуетін тиімді пайдалану және кең ауқымды ынтымақтастықты дамыту қажеттігін атап өтті.

Алдағы жылдары тауар айналымын 5 миллиард долларға дейін арттыру мүмкіндігін беретін Өзбекстан мен Түркия арасындағы жеңілдетілген сауда келісімін жылдам қабылдау маңызды екендігі айтылды.

Тараптар халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. 2021 жылдағы екіжақты және көпжақты іс-қимыл жоспары қарастырылып, оған дайындықтың алғашқы қадамдары нақтыланды.