French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті
14:22 / 2022-07-24

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 24 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Қазақстан басшысы Шавкат Мирзияев туған күнімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, бақыт және үлкен жеңістер тіледі.

Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайту, көпжақты ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. 

Сауда-логистика, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастық жобаларын жеделдету маңыздылығы атап өтілді. Өзбекстан мен Қазақстан үкіметтері деңгейінде тығыз қарым-қатынасты жалғастыруға келісілді.

Сондай-ақ өңірлік маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасылды. Осы аптада Қырғызстанда өткен Орталық Азия елдері басшыларының кезекті Консультативтік кездесуінің жемісті нәтижелері жоғары бағаланды.

Өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды жедел дайындау және жүзеге асыруды бастау мәселелеріне ерекше назар аударылды.