Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті
17:13 / 2021-11-17

17 қарашада Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан мен Қазақстан стратегиялық серіктестігін одан әрі дамыту және көпқырлы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқыланған сұхбат барысында, тараптар пирактикалық ынтымақтастықты ілгерілетуге, атап айтқанда, екіжақты тауар айналымын арттыруға, машина жасау, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика, фармацевтика, тоқыма және тамақ өнеркәсібі салаларындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық жобаларын дайындау және іске асыру және басқа да басымдыққа ерекше назар аударды.

Сондай-ақ өңіраралық байланыстар мен мәдени-гуманитарлық алмасуларды жандандыру маңызды екені айтылды.

Екі елдің үкіметтері өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа бағыттары мен нақты бағдарламаларын әзірлеуге келісті.

Мемлекет басшылары алдағы жоғары деңгейлі кездесулер жоспарларын да қарастырды.