Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті
13:33 / 2020-12-30

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат басында Өзбекстан мен Қазақстан Президенттері бір-бірін және екі елдің бауырлас халықтарын келе жатқан жаңа 2021 жылымен шын жүректен құттықтап, бейбітшілік пен өркендеу тіледі.

Аяқталып келе жатқан жылдың қауіп-қатерлеріне қарамастан, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ғасырлар бойы қалыптасқан достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік байланыстары дәйекті түрде дамып келе жатқандығы атап өтілді. Екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде сауда портфелі, инвестициялық жобалар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және энергетика салаларын одан әрі кеңейту қажеттілігі жайлы сөз болды. 

Аймақтар арасындағы тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, мәдени-гуманитарлық алмасудың кең бағдарламасын іске асыруға үлкен көңіл бөлініп, Президенттер сонымен қатар аймақтық ынтымақтастықтың келешегі туралы пікір алмасты және жоғары деңгейдегі болашақ іс-шаралардың жоспарларын талқылады.

Шавкат Мирзияев Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономикалық одаққа 2021 жылы төрағалық етуіне сәттілік тіледі.