Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, тату көршілік пен стратегиялық серіктестіктің даму перспективалары талқыланды.
Онда, қазіргі күнгі көп қырлы ынтымақтастықтың жоғары қарқыны атап өтілді. Өзара сауда мен жүк тасу көлемі артып, арадағы әуе рейстері толық қалпына келтірілді. Экономиканың әр түрлі салаларында ынтымақтастық жобалары сәтті жүзеге асырылуда. Өңіраралық байланыстар мен мәдени -гуманитарлық алмасуларды одан әрі арттыру маңызды екендігі айтылды.
Сондай-ақ тараптар Ауғанстандағы жағдайды ескере отырып, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.