7 мамырда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат басында Мемлекет көшбасшылары Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңіс күні және алдағы қасиетті Ораза айт мерекесімен бір-бірлерін құттықтап, бауырлас халықтарға тыныштық пен бейбітшілік тіледі.
Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы көп қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады және Орталық Азиядағы жағдай туралы пікір алмасты.
Ынтымақтастық әртүрлі деңгейлердегі белсенді және жемісті екіжақты диалогтың арқасында оң дамып келе жатқандығы сөз болды.
Инвестициялық және инфрақұрылымдық басым жобаларды, соның ішінде Үшқұдық-Қызылорда мен Түркістан-Ташкент жүрдек теміржол магистралы мен автокөлік жолдарының құрылысын бірлесіп дайындау және жүзеге асыру жалғасуда.
Екі елдің аймақтары тығыз ынтымақтастықта, мәдени-гуманитарлық алмасудың маңызды бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Өзбекстан Президенті мен Елбасы бауырлас халықтар мен елдер арасындағы ғасырлар бойғы достық пен тату көршілікті, сенім мен серіктестікті нығайту мақсатында кең және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.