English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті
16:50 / 2020-12-01

Бүгін, 1 желтоқсанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме басында Шавкат Мирзияев Нұрсұлтан Назарбаев және бауырлас Қазақстан халқын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтады. 

Елбасының қазіргі заманауи Қазақстанды құру мен дәйекті дамытудағы, елдің халықаралық аренадағы беделін арттырудағы тарихи рөлі мен оның Орталық Азия аймағында достық және тату көршілік қатынастарды нығайтуға қосқан зор үлесі атап өтілді.

Екі ел басшылары Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік, өзара сенім мен қолдау қағидаттарына негізделген көпқырлы байланыстардың қазіргі деңгейіне жоғары баға беріп, халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша да пікір алмасты.

Қазіргі кезде сауда-экономикалық саладағы кеңейіп келе жатқан практикалық ынтымақтастық қанағаттанушылықпен атап өтілді. Пандемияның салдарына қарамастан, сауда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік-логистика және басқа да басым бағыттарда жаңа жобалар жүзеге асырылуда және коронавирустық инфекцияның алдын-алу және тиімді емдеу бойынша күш-жігерді үйлестіру жалғасуда.

Мәдени-гуманитарлық алмасулар кеңейіп, аймақаралық ынтымақтастық бойынша бірлескен жобалар бойынша жұмыс жүргізілуде.

Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаев арасындағы сұхбат әдеттегідей көңілді әрі достастық рұхта өтті.