Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 11 желтоқсанда Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен бейне конференциялы кездесу өткізді.

Саммиттің күн тәртібінде саяси диалогты одан әрі кеңейту, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық-техникалық, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту қарастырылған болып, сонымен қатар олар жаһандық ахуал мен аймақтық ынтымақтастықтың болашағы туралы пікір алмасты.
Екі ел басшылары бір-бірін құттықтай отырып, бұл онлайн саммитте Өзбекстан-Үндістан стратегиялық серіктестігінің жоғары деңгейінің дәлелі екенін, пандемияның салдарын тиімді түрде жеңу үшін кеңесу және жаңа өсу нүктелерін тиімді анықтау мүмкіндігі екенін атап өтті.
Мемлекеттердің ұстанымдары мен тәсілдері жақын, олар халықаралық және аймақтық бірлестіктер, соның ішінде БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және басқа құрылымдар шеңберінде тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді, бір-бірін қолдайды.
Келіссөздер барысында екі мемлекет басшылары саяси саладағы жүйелі, сенімге негізделген диалогты жалғастырудың, соның ішінде екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты консультациялар мен олардың арасындағы ынтымақтастықтың орта мерзімді бағдарламасын қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру туралы ұсыныс жасалды.
Шавкат Мирзияев пен Нарендра Моди Әндіжан облысы мен Гуджарат штатының арасындағы табысты серіктестік мысалында аймақаралық байланысты кеңейту туралы уағдаласты.
Кездесу соңында Президент Шавкат Мирзияев Премьер-министр Нарендра Модиді келесі жылы Өзбекстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Екі елдің көшбасшылары әдеттегідей ашық, сындарлы және өзара сенім рухында өткен және ынтымақтастықтың үлкен әлеуетін көрсеткен онлайн-келіссөздердің нәтижелеріне ризалық білдірді.
Саммит қорытындысы бойынша тараптар Өзбекстан Республикасы мен Үндістан Республикасы арасындағы тығыз достық пен берік серіктестік туралы бірлескен мәлімдеме қабылдады.
Сонымен қатар, кездесу барысында экономика, инновация, қаржылық және техникалық көмек, кеден және сауданы техникалық реттеу, кадрлар даярлау және бірлескен зерттеулер бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылды.



