Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Гурбангулы Бердімұхамедов телефон арқылы сөйлесті
17:36 / 2019-12-30

Мемлекет басшылары аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық саясат мәселелерін жөнінде де пікір алмасты


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 30 желтоқсанда Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат шағында, екі бауырлас ел басшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтап, биыл қарашада Түрікменстан Президентінің Өзбекстанға жасаған сапары мен Ташкентте өткен Орталық Азия елдері басшыларының екінші кездесуінің нәтижелері сөз болды.

Сондай-ақ, екіжақты ынтымақтастықтың маңызды нәтижелері, бауырластық қатынастар мен тату көршілік, стратегиялық серіктестіктің ауқымын нығайту, экспорттық-импорттық тауар айналымы сынды саланың көлемін ұлғайту, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және көлік саласындағы ынтымақтастық жобаларын іске асыру жайлы да әнгіме болып, мәдени-гуманитар салаларда алмасулардың ауқымын нығайту маңызды екені айтылды.

Мемлекет басшылары аймақтық ынтымақтастық пен халықаралық саясат мәселелерін жөнінде де пікір алмасты.

Өзбекстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі хабары.