Шавкат Мирзияев пен Франк-Вальтер Штайнмайер телефон арқылы сөйлесті
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 17 тамызда Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында көп қырлы өзбек-герман қарым-қатынасын одан әрі дамыту мәселелері мен аймақтық ынтымақтастықтың маңызды аспектілері талқыланды.
Сонымен қатар, Ауғанстандағы жағдайдың дамуына ерекше назар аударылды. Бұл елдегі әскери-саяси шиеленістің өршуі аймақтық және халықаралық қауіпсіздік жағдайына елеулі теріс әсер етуі мүмкін екендігі айтылды.
Осыған орай, Ауған мәселесін бейбіт жолмен шешуге жәрдемдесудегі бірлескен күш -жігерді тығыз үйлестіру және аймақтағы жағдай бойынша тұрақты саяси консультациялар өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.
Германия азаматтарын Ауғанстаннан эвакуациялау бойынша ынтымақтастық жалғасады.