Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Қасым-Жомарт Тоқаев телефон арқылы сөйлесті
12:13 / 2020-05-08

Әңгіме басында Мемлекет басшылары бір-бірін алдағы қуанышты мереке - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтасты


Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 8 мамырда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Президент баспасөз қызметі.

Әңгіме басында Мемлекет басшылары бір-бірін алдағы қуанышты мереке - Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, екі ел ардагерлері мен бауырлас халықтарына бейбітшілік, денсаулық және амандық тілесті.

Шекара маңындағы Сардоба су қоймасындағы төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға ерекше назар аударылып, жәбір көрген аудандарда халыққа атаулы көмек көрсетудің және инфрақұрылымды қалпына келтірудің келесі қадамдары келісілді.

Президенттер сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайды талқылады. Пандемиямен күрес, халық пен бизнес үшін шектеулерді біртіндеп жеңілдету бойынша қос елдегі қабылданған шаралар қолдау тапты.

Осы сұхбат аясында сауда-экономикалық салада қол жеткізілген уағдаластықтардың жедел орындалуын, соның ішінде автокөлік өндірісі, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, көлік және логистика мен басқа да салалардағы перспективалық жобаларды дайындау және ілгерілету маңыздылығы айтылды.

Сондай-ақ Мемлекет басшылары халықаралық маңызы бар бірқатар мәселелер бойынша пікір алмасып, әңгіме соңында көп ғасырлық достыққа, тату көршілік және стратегиялық серіктестікке негізделген кең ауқымды Өзбекстан-Қазақстан ынтымақтастығын кеңейтуге деген ұмтылыс табанды екендігі айтылды.