Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Ашраф Ғани телефон арқылы сөйлесті
15:42 / 2021-02-10

10 ақпанда Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында Ашраф Ғани Ауғанстандағы бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге және елдің экономикасын қалпына келтіруге көрсеткен жан-жақты көмегі үшін Президент Шавкат Мирзияевқа бауырлас Ауғанстан халқының атынан шын жүректен ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшылары Өзбекстан, Ауғанстан және Пәкістанның жоғары деңгейлі өкілдері мен жетекші халықаралық қаржы институттары қатысқан Трансауған көлік дәлізі жобасы бойынша үшжақты жұмыс тобының бірінші отырысының сәттілі өткенін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Бұл жобаны іске асыру, оның ішінде техникалық құжаттаманы дайындау және құрылыс жұмыстарын бастау маңызды екендігі айтылып, Президенттер күш-жігерді біріктіріп «Сурхан-Пули-Хумри» жаңа электр беру желісін салу жобасын іске асыруды жеделдетуге келісті. Осы мақсатта жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруды үйлестірудің екіжақты тетігі құрылады, оның шеңберінде ай сайын бейне байланысты конференциялар өтеді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшылары мұнай-газ саласында, білім беруде, техникалық мамандықтар бойынша білікті ауған кадрларын даярлауда Өзбекстан мен Ауғанстан қатынастарын кеңейту мүмкіндігін қарастырды.

Сұхбат барысында, ұлы ақын және ойшыл Әлішер Науаидің 580 жылдығына арналған наурыз айында Гератта өтетін мерекелік шараға Өзбекстан делегациясының қатысуы туралы келісімге қол жеткізілді. 

Президенттер «Жол картасы» мен басым инвестициялық жобалардың іске асырылуын үнемі бақылау және тиімді ілгерілету үшін бірлескен үкіметтік топ құруды тапсырды және болашақ деңгейдегі іс-шаралар мен диалог жоспарлары туралы пікір алмасты.