Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Ангела Меркель онлайн форматта келіссөздер жүргізді
19:29 / 2021-03-12

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 12 наурыз күні Германия канцлері Ангела Меркельмен бейне байланыс арқылы келіссөздер жүргізді.

Өзбекстан мен Германия басшыларының бүгінгі кездесуінің күн тәртібіне әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты дағдарыстың ушығуы кезеңінде екі елдің көпжақты ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері орын алды.

Онлайн келіссөздер кезінде саясаткерлер екі жыл бұрын Берлинде өткен саммитте қол жеткізілген келісімдерді бірлесіп жүзеге асыру екіжақты қатынастардың тұрақты дамуын қамтамасыз ететіндігін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Шавкат Мирзияев елдегі жаңа демократиялық реформалар саясатын шексіз қолдағаны үшін және елдегі әлеуметтік-экономикалық реформаларға қаржылық-техникалық көмек бағдарламасын кеңейткені үшін Германия үкіметіне алғыс айтты.

Германия Өзбекстанның маңызды технологиялық және инвестициялық серіктесі болып, соңғы жылдары сауда көлемі 1,5 есе өсті. Өткен жылғы қорытынды бойынша неміс компаниялары ел экономикасына 700 млн доллардан астам инвестиция құйған. 50-ге жуық жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылды. «MAN», «Claas», «Knauf» және «Papenburg» сияқты белгілі неміс компаниялары Өзбекстанда белсенді жұмыс істеп келеді. «Volkswagen» мен «Viessmann» алғаш рет ішкі нарыққа енген болса, ұзақ үзілістен кейін «Siemens» және «Bosch» компаниялары қайта оралды. 

Бүгінгі кездесуде бірлескен жобаларды, іскерлік байланыстар мен бастамаларды қолдауға, сондай-ақ Өзбекстандағы жетекші неміс компаниялары мен банк мекемелерінің қызметін кеңейтуге келісіді.

Ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын, ең алдымен, өндірістік кластерлер, цифрландыру және «жасыл» экономиканы дамыту мәселелерін талқылау, жаңартылатын энергия саласындағы жобаларды ілгерілетуге арналған өзбек-герман іскерлік кеңесінің кезекті отырысын осы жылдың мамыр айында өткізу жоспарланды.

Гуманитарлық алмасу саласында Өзбекстанда неміс тілін үйренуді кеңейту және осыған байланысты тиісті мемлекеттік бағдарлама қабылдау туралы бастама қолдау тапты.

Кездесу барысында халықаралық маңызы бар өзекті мәселелер мен жаһандық және аймақтық құрылымдар шеңберіндегі ынтымақтастық туралы пікір алмасылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша Президент Шавкат Мирзияев Федералды канцлер Ангела Меркельді Өзбекстан Республикасына сапармен келуге шақырды.