French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев пен Ангела Меркель бейнеконференциялы кездесу өткізеді
17:37 / 2021-03-10

Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев пен Германия канцлері Ангела Меркель 12 наурызда бейнеконференциялы форматта кездесу өткізеді.

Екі елдің басшылары көпжақты Өзбекстан - Германия серіктестігін одан әрі кеңейту мәселелерін қарастыратын кездесуде, жоғары деңгейдегі кездесулерде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру, сындарлы саяси диалогты дамыту, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржылық-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық бойынша бірлескен жобалар мен бағдарламаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ, тараптар халықаралық және аймақтық маңызы бар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстан Республикасы Президенті 2019 жылдың қаңтарында Германия Федеративті Республикасына ресми сапармен барған және сол жылдың мамырында Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер жауап сапарымен Өзбекстанға кеген болатын.

Германия Өзбекстанның маңызды экономикалық, инвестициялық және технологиялық серіктестерінің бірі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 829 млн долларды құрады. Өзбекстанда 700 миллионнан астам неміс инвестициялары пайдаланылған. Қазіргі кезде 200-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде.