Президент Шавкат Мирзияев Токиода өткен XVI Паралимпиада ойындарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен кездесу өткізуде.
Кездесуде Мемлекет басшысы жарысқа қатысқан құрама командасының Паралимпиада ойындарындағы жеңісімен құттықтады.
- Алған орден, медаліңіз және осы жеңіс жолында көрсеткен батылдық пен табандылық үшін сіздерге көп рахмет. Біз бәріміз Токиода өткен XVI Паралимпиадалық ойындарды үлкен толқу, шексіз мақтанышпен тамашаладық. Өздеріңіз білетіндей, бұл жолы біздің команда 8 алтын, 5 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Осы 19 бағалы медалдың 11-ін спортшы қыздарымыз жеңіп алуы біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған жағдай, - деді Шавкат Мирзияев.
Паралимпиадалық ойындарда Өзбекстан құрама командасы 160 -тан астам елдің арасында 16-шы, Азия құрлығы мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында 4-ші, Орталық Азияда 1-ші орынды иеленді.
Мемлекет басшысы салтанатты шарада спортшыларға Паралимпиадалық ойындарда үлкен жетістікке жетудегі теңдессіз күш-жігері үшін алғысын білдірді.