Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Шавкат Мирзияев Оңтүстік Корея парламенті делегациясын қабылдады
22:51 / 2021-04-06

6 сәуірде Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев Ташкентке келген Корея Республикасы Парламентінің Ұлттық Ассамблея төрағасы Пак Бён Сок бастаған делегацияны қабылдады.

Екіжақты қатынастар мен аймақтық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланған кездесуде Мемлекет басшысы белсенді алмасулар мен екі елдің қарым-қатнасы қарқынды дамып келе жатқандығын қанағаттанушылықпен атап өтті. Осы жылдың басында екі ел көшбасшыларының онлайн форматты саммиті өткен болатын.

Пак Бён Сок жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Өзбекстан Республикасының Президентіне Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің сәлемі мен ізгі тілектерін жеткізді.

Қазіргі күнде жалпы, Корея Республикасының Өзбекстанға салған инвестициясының көлемі 7 миллиард доллардан асты. Кездесуде жаһандық экономикалық ахуал күрделеніп тұрған бір уақытта екіжақты сауда көлемі сақталғаны сөз болып, кореялық серіктестердің Өзбекстандағы коронавирус пандемиясына қарсы күресте көрсеткен үлкен практикалық көмегі үшін алғыс айтылды.

Сондай-ақ, сұхбат барысында денсаулық сақтау, білім беру, ғылым және мәдениет, гуманитарлық алмасу саласындағы бірлескен бағдарламаларды іске асыру мәселелері де қаралды.