Шавкат Мирзияев «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды
Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев 6 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды.

Бұл ескерткіш Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақ жауынгерлерін еске алуға арналған. Оның биіктігі 37 метр. Ескерткіштің ортасында Отан символы ретінде – ана бейнесі кескінделген.


Шетелдік Президенттер осынау ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Қазақстан халқына құрмет көрсетеді.